Қалалық Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, нысан Жетісу-2 шағынауданындағы 83/2 мекенжайында орналасқан.
Бұған дейін нысан иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, тиісті рұқсат құжаттарының жоқ екені анықталған.
Осыған байланысты басқарма әкімшілік шаралар қабылдап, құқық бұзушылық туралы іс материалдарын сотқа жолдаған.
- Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың қаулысымен нысан иесіне әкімшілік жаза тағайындалып, заңсыз салынған бір қабатты күрделі құрылыс нысанын мәжбүрлеп бұзу туралы шешім шығарылған, - деп мәлімдеді әкімдік.
Сот шешімін орындау аясында нысан иесі құрылысты өз еркімен бұзуға кірісті.
Еске салайық, Алматыда заңсыз салынған қосалқы нысан бұзылған еді.
Жалпы Алматыда жыл басынан бері заңсыз салынған 52 нысан бұзылғанын жаздық.