Бейнежазбада жанжалға қатысқан жігіттердің бірі өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырғаны айтылған.
Алматы қаласының Полиция департаменті кикілжіңге қатысқан азаматтардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетінін хабарлады.
— Бостандық аудандық полиция басқармасы жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Видеодағы ер адамның кім екені анықталды. Оның құқық қорғау органдарына ешқандай қатысы жоқ. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қолданылатын болады, — деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда студенттер арасында жаппай төбелес болғанын жазғанбыз.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жаппай төбелеске байланысты мәлімдеме жасады.