Алматыда жарық өшуіне байланысты 9 балдық кептеліс пайда болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының 4 ауданында жарық өшіп, негізгі көшелердің барлығында дерлік бағдаршамдар жұмыс істемей қалды.

Видеодан алынған скрин

Бүгін сағат 16:20–дағы жағдай бойынша қала көшелерінде 9 балдық кептелістер пайда болды. Бағдаршамдардың жұмыс істемеуіне байланысты көшелерде көлік қозғалысы қиындады.

Әл-Фараби, Абай, Райымбек даңғылдары, Сейфуллин, Төле би, Желтоқсан, Жандосов, Сәтпаев сынды негізгі көшелердің барлығы картада қызыл не қою қызыл түске боялған.

Сондай-ақ алматылық жүргізушілер үшін қала орталығында бірнеше көшеде көлік қозғалысына шектеу қойылуы жағдайды тіпті қиындатты. Еске салайық, бүгін Канье Уэст концертіне байланысты Абай даңғылы Мұқанов көшесінен дейін Сейфуллин даңғылына дейін, Сәтбаев көшесі Байзақов көшесінен Сейфуллин даңғылынан дейін, Байтұрсынов көшесі Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін жабылды.

Бұған дейін Алматы мен Алматы облысының басым бөлігін жарық өшкенін жазғанбыз. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мәліметінше, 2026 жылдың 14 тамызында сағат 14:38–де «KEGOC» АҚ-ға тиесілі әуе электр желілерінде авариялық өшудің болуына қарай «АЖК» желілерінде авариялық өшуге қарсы автоматты жүйе іске қосылды. Нәтижесінде Алматы қаласы мен облыстың тұтынушыларына электр энергиясын беру тоқтатылды.

Айта кетейік, Энергетика министрлігі Қазақстанның кей өңірлеріндегі электрдің ажыратылуына түсініктеме берді.