Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Ондағы мәлімет бойынша, жас қыз Алмалы ауданында орналасқан «Алтын Бұлақ 2» тұрғын үй кешенінен құлап кеткен.
Бұл ақпаратты Алматы қаласының полиция департаменті растады.
— Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету») бойынша, Алмалы аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомстводан нақтылағандай, қаза болған бойжеткен 2005 жылы туған.
Былтыр Алматыда көпқабатты үйден екі жасөспірім қыз құлап, көз жұмған болатын.
Сондай-ақ Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен құлаған әйелдің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған еді.