Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 12:14–те сейсмикалық станциялар желісі арқылы тіркелген.
Алматыда жерасты дүмпулері 2 балл болып сезілген.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.
Ведомство жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым әрекетті еске салды:
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
- Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
- Жасырынатын жерді табыңыз — жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
- Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); — көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
- Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
- Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
- Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғындары 29 шілдеде жер сілкінісін сезген еді.