2026 жылғы 29 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 11:09–да ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан.
Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендіктің 41,357° және шығыс бойлықтың 78,778°.
Жер асты дүмпуі Алматыда 2 балл болып сезілген. Зардап шеккендер жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда қанша сейсмикалық станция жұмыс істеп тұрғанын жазғанбыз.