Бұл жайында Atameken Business Channel әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Жер сілкінісінің салдары. Алматы қаласы Бостандық ауданындағы бизнес орталығы. Біздің телеарнаның филиалы дәл осы орталықта орналасқан. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ» делінген телеарнаның мәлімдемесінде.
Еске салайық, бүгін Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды.
Алматы әкімдігі бүкіл жиналу пунктілері ашық екенін мәлімдеді.
Полиция күшейтілген режимге ауысып, Алматы әуежайы қалыпты жұмыс істеп тұр.
ТЖМ жедел желіні іске қосты.
Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісі қайталануы мүмкін екенін ескертті.