АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда болған жер сілкінісінен кейін мамандар 36 жолайрық пен көпірге, 45 жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне тексеру жүргізді. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы мәлім етті.
«Ешқандай зақым анықталған жоқ. Сонымен қатар көпірлер мен өткелдерді егжей - тегжейлі зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр» делінген хабарламада.
Еске салайық, 4 наурыз күні Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды.
Салдарынан бірқатар білім беру мекемесінің қабырғаларында жарықшақтар пайда болды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.