«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындары мен қонақтарына автокөліктерді сынақ өткізілетін жердегі тұрақтарға уақытша қоймауға және сақтық шараларын сақтауға шақырды.
«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, штаттан тыс жағдайлар жоққа шығарылмайды: судың жол бетіне шығуы, жол жамылғысының ішінара бұзылуы, тағы басқасы. Мұндай жағдайларда ешқандай дербес әрекет жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіп, ол туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-на 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталыққа мына 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014) телефондар арқылы, сондай-ақ 109-ға хабарлаңыз», - деп атап өтті компаниядан.
Алматыда жылу желілеріне сынақ жүргізу кестесі (көшелер бойынша) төмендегідей:
24 сәуір
Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек-Бродский-Рысқұлов - Сейфуллин; Наурызбай ауданы: Райымбек-Жүнісов-Абай-Алтын Орда.
24 - 25 сәуір
Алмалы және Әуезов аудандары: Ұлықбек-Рысқұлбеков-Саин-Үлкен Алматы өзені.
24-26 сәуір
Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Бөгенбай батыр-Мұратбаев-Мақатаев-Сейфуллин - Тобаяқов-Назарбаев-Мәметова-Уәлиханов.
24-28 сәуір
Жетісу және Түрксіб аудандары: Рысқұлова-Сейфуллин - Солтүстік айналма – Бұрындай.
25 сәуір
Алатау ауданы: Мөңке би - Момышұлы-Райымбек-Фариза Оңғарсынова.
25 және 26 сәуір
Әуезов ауданы: Ұлықбек - Жандосов-Саин-Сәдуақасов.
26 сәуір
Алатау ауданы: Райымбек-Отырар-Рысқұлов-Немирович-Данченко.
Алмалы ауданы: Чокин-Петров-Қарасай батыр-Райымбек.
27 сәуірден 14 мамырға дейін
Бостандық ауданы: Асқаров-Мирас шағынауданы - «Алматы» шипажайы-Саин-әл-Фараби - Қазақфильм шағын ауданы - Рысқұлбеков- Кекілбаев –Басенов – Өтепов - Розыбақиев-Жароков- Алмагүл шағын ауданы - Ходжанов - ҚазҰУ-Тимирязев-Ганди-Назарбаев;
Лисянский-Розыбақиев-Жароков - Экспериментальды база - Ходжанов-әл-Фараби-Алмагүл шағын ауданы;
Орбита-1, Орбита-2, Орбита-3, Орбита-4 шағын аудандары - Саин - Рысқұлбеков - Розыбақиев - Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Жароков -Басенов.
Медеу ауданы: Тайманов – Чайкина – Достық – Меңдіқұлов - әл-Фараби- Жолдасбеков - Достық- Байжанов-ІІМ санаторийі.
29 сәуір
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Мақатаев – Розыбақиев -Шәріпов.
29 және 30 сәуір
Наурызбай ауданы: Айтбаева - Райымбек - Алтын Алаш.
Әуезов, Бостандық және Наурызбай аудандары:
Төле би - Сәтбаев - Әшімов - Ислам Кәрімов.
29 сәуірден 2 мамырға дейін
Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин – Рысқұлов -Жангелді - Райымбек - Куратов- Гоголь.
2 және 3 мамыр
Алмалы және Бостандық және Медеу аудандары: Гоголь – Қорған - Сәтбаев-Чайковский.
Алмалы және Әуезов аудандары: Қарасай батыр - Райымбек – Яссауи -Емцов.
3 мамыр
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр -Тимирязев -Шагабутдинов - Розыбақиев;
6 мамыр
Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр -Жандосов - Варламов-Айманов.
Алатау ауданы: Мөнке би – Момышұлы - Фариза Оңғарсынова - Зерделі шағын ауданы.
7 мамыр
Алатау ауданы: Аққайнар - Мамбетов кенті - ҮАК-ның оңтүстік жағы.
13 мамыр
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр - Өтепов - Розыбақиев -Байзаков.
13 және 14 мамыр
Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би - Панфилов - Шевченко-Желтоқсан - Сәтбаев - Байтұрсынов.
14 және 15 мамыр
Алмалы және Бостандық аудандары: Панфилов- Абай - Желтоқсан -Тимирязев - Гоголь - Есентай өзені.
«Аталған аумақтардың контурларында тұратын барлық тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтау толығымен сақталады. Гидравликалық сынақтар қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілері жабдықтарының жай-күйін тексеру және құбырлардың проблемалы учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз»,- делінген хабарламада.