Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол апаты 13 сәуір күні сағат 19:20 шамасында Төле би мен Шәріпов көшесінің қиылысында болған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, мопедтердің бірі көше қиылысында бағдаршамың тыйым салынған түсіне қарамастан шығып кеткен. Салдарынан 2003 жылы туған азамат сол жерде көз жұмды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталғанын хабарлаған едік.