Нысан алматылықтар арасында бірден қызығушылық тудырды. Әсіресе, балалар үшін ерекше демалыс орнына айналды. Жаңа қоғамдық кеңістіктің бейнежазбалары әлеуметтік желіде кеңінен тарады.
Алайда Салтанат Махмұт есімді тұрғын бірнеше күнде танымал болған кеңістік қайтадан жабылып қалғанын айтып, бейнежазба жариялады. Ол бұл орынды желіден көріп, балалармен келген. Алайда алаң қоршалып, кіруге шектеу қойылған. Айтуынша, оған қоғамдық кеңістіктің кей тұстары сынуы себеп болған.
Еске салайық, 2025 жылы Алматыда Н.Сац атындағы театрды жаңғырту жұмыстары басталды.
Жоба құны — 24 млрд теңгеге жуық. Жаңарған нысан биыл пайдалануға берілуі тиіс.