Алматыда зілзала кезінде жұмыс істеп жүріп жарақат алғандар болған жоқ — инспекция

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда барлық кәсіпорын мен ұйымдар штаттық режимде істеп тұр. Сондай-ақ жер сілкінісіне байланысты өндірістік жарақат алу фактілері болған жоқ. Бұл туралы Алматы қаласының еңбек инспекциясы басқармасы мәлім етті.

Photo credit: depositphotos.com

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта басқарма қызметкерлері өндірістік объектілерге жедел мониторинг жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, басқармада кезекші мемлекеттік еңбек инспекторлар еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға жайлы хабарламаларды қабылдап, тіркеп отыр.

«Басқарма жедел жәрдем стансалары және төтенше жағдай департаментімен тығыз байланыста. Әзірге еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардан зардап шеккендер тіркелген жоқ», — деп мәлімдеді қалалық еңбек инспекциясы басқармасы.