Мекеменің баспасөз қызметі мәлім еткендей, ботаникалық бақтағы аққулар хайуанаттар бағындағы жылы павильонға көшті. Ал, балықтар ботаникалық бақтағы жасанды ашық тоғандарда қыстайды.
«Тоғанның басқа тұрғындары – балықтар былтырғыдай тоғанда қыстайды. Суық мезгілде олар белсенді болуды тоқтатып, қысқы ұйқыға кетеді. Тоғандарда олар үшін тұрақты аэрация жұмыс істейді»,- »,- деп атап өтті ботаникалық бақтың баспасөз қызметі.
Еске салайық, 9 қазаннан бастап ботаникалық баққа кіру билетінің бағасы өзгерген болатын.