Алматы әкімдігінің мәліметінше, 13 мамыр сағат 08:00–ден 14 мамыр сағат 23:00–ге дейін Саин көшесінен Мұстафин көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толық жабылады.
— Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс дерегі көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады, — делінген хабарламада.
Қала билігі тұрғындардан бағытын алдын ала жоспарлауды ескертті.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы Жетісу көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілгенін хабарлағанбыз.