Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Жетісу көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: ortcom.kz

Атап айтқанда, 8 сәуір күні сағат 8:00-ден 20 сәуір күні сағат 8:00-ге дейін Мақатаев көшесінен Янушкевич көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс ішінара шектеледі.

– Жөндеу жүргізіліп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Жүргізушілерден бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы Жамақаев және Зенков көшелерінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылатынын хабарлаған едік.

Ал оның алдында Строительная көшесінде қозғалыс жазға дейін шектелетінін жаздық.