Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 10:54-те ТЖД күштері мен құралдары Түрксіб ауданы, Демьян Бедного көшесі, 5а мекенжайына жіберілген. Құтқарушылар 11:02-де келгеннен кейін екі қабатты ғимаратта құрылыс материалдары жанып жатқанын анықтаған.
- Өрттің өзге нысандарға таралу қаупі туындады. Көрші құрылыстарды қорғауға және тілсіз жауды жоюға өрт оқпандары енгізілді. Өрттің таралуын тоқтату үшін тиісті шаралары қабылданып жатыр, - деп хабарлады департаменттен.
Өрт 11:45-те оқшауланды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы қонақүйлердің бірінен өрт шыққанын жазғанбыз.