Алматыдағы Көктөбе телемұнарасы қызғылт сары түске көмкерілді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» атты жаһандық акцияны қолдау мақсатында бірқатар нысанға жылы қызғылт сары түс берілді.
Көктөбе телемұнарасы, Halyk Bank ғимараты, Тұңғыш Президент саябағы, LED-экрандар және қаланың бірнеше ірі орындары қызғылт сары түспен әрленді.
– Қызғылт сары түс – жылылықтың, үміт пен бірліктің белгісі. Ол әрбір адамның құқығын қорғаудың маңызын және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеу қағидатын еске салады. Бұл – қоғам назарын маңызды мәселеге бұратын көрнекі белгі әрі қиындыққа тап болған адамдарға деген қолдау мен құрметтің нышаны, - делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Астанада «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» жаһандық акциясын қолдау мақсатында қаланың бірқатар нысанына қызғылт сары түсті жарық жағылғанын хабарлағанбыз.
Ал оған дейін тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендер қайда жүгіне алатынын жазған едік.