Алматыдағы көші-қон жүктемесін азайтудың негізгі тәсілдері айқындалды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Алматы қаласындағы көші-қон процестерін реттеу және Алматы агломерациясын теңгерімді дамыту мәселелері бойынша жұмыс тобының көшпелі отырысын өткізді, онда еліміздің ең ірі қаласындағы көші-қон жүктемесін төмендетудің негізгі тәсілдері айқындалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Шараға Алматы қаласы мен Алматы облысының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының өкілдері қатысты.
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
— Кездесу барысында Алматы қаласы мен Алматы облысындағы көші-қон процестерін реттеудің өзекті мәселелері және Алматы қаласындағы көші-қон жүктемесін азайтуға көмектесетін агломерациялық аумақтарды дамыту перспективалары талқыланды, — делінген хабарламада.
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Отырыс қорытындысы бойынша Алматы қаласы мен Алматы агломерациясын теңгерімді дамыту мәселелерін Жол картасына енгізу бойынша шаралар кешені әзірленіп, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тәсілдері айқындалды.
Бұған дейін хабарланғандай, Алматыдағы «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде ауқымды тексеру жүргізілді.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)