Өрт шыққан хостелде студенттер мен жалдамалы жұмысшылар тұрған. Бұл туралы Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев мәлім етті, деп хабарлады Kazinform.
«Жатақханада тұрғандардың дені — студенттер мен жас жұмысшылар. Пәкістан мен Үндістаннан келген медицина университетінің студенттері де бар», — деді аудан әкімі.
Еске салайық, бүгін таңертең болған өрт салдарынан 13 адам көз жұмды, екеуі ауруханаға жеткізілді. 59 адам шұғыл эвакуацияланды. 56-сы жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды. Мұндағы тұрғындардың дені шет мемлекеттер азаматтары.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.