Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері ауысты

Фото: «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері қызметінен босатылды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, Серікжан Сабырәлиев 2025 жылдың 13 қазанынан бастап еңбек шартының мерзімі аяқталуына байланысты директор қызметінен босатылды.

Оның орнына уақытша атқарушы ретінде Алмат Шорманов тағайындалды. Ол конкурс өткенге дейін аурухананы басқаратын болды. 

Еске сала кетейік, 2023 жылы Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Нариман Табынбаев қызметінен босатылған болатын. Ол қызмет еткен уақытта аталған мекемеде науқастар АИТВ инфекциясын жұқтырған.