АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері қызметінен босатылды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, Серікжан Сабырәлиев 2025 жылдың 13 қазанынан бастап еңбек шартының мерзімі аяқталуына байланысты директор қызметінен босатылды.
Оның орнына уақытша атқарушы ретінде Алмат Шорманов тағайындалды. Ол конкурс өткенге дейін аурухананы басқаратын болды.
Еске сала кетейік, 2023 жылы Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Нариман Табынбаев қызметінен босатылған болатын. Ол қызмет еткен уақытта аталған мекемеде науқастар АИТВ инфекциясын жұқтырған.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.