Жалын төрт қабатты ғимаратта пайда болды.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, таңғы сағат 5:00 шамасында Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшесінің маңында қатты түтін иісі сезілген. Кейін оқиға орнына бірнеше полиция экипажы мен өрт сөндіру көлігі келген.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Еске салайық, жексенбі күні № 2 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв спорт мектебінің жеңіл атлетика манежінде өрт шыққан еді.
Спорт басқармасының мәліметінше, өртенген спорт мектебінің ғимараты толықтай қалпына келтіріледі.