АЛМАТЫ. KAZINFORM — ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 15 наурыз күні сағат 07:47-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 255 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10,7. MPV магнитудасы — 4.7. Жер сілкінісінің координаттары 41,17° с. б. 78,34° ш. б. Тереңдігі — 5 км.
Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) Қазақстан аумағында жоқ.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.