АСТАНА. KAZINFORM – «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 10 ақпан күні сағат 6:41-де жер сілкінісін тіркеді.
Зілзала эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 270 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 9.6. MPV магнитудасы 4.2. Эпицентр координаттары 41.21° с. е. 78.77° ш. б. Тереңдігі – 5 км. Қазақстанда сезілуі (МSК-64 шкаласы бойынша) туралы деректер жоқ», - делінген хабарламада.
Зарина Туғанбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын Ақмола облысы Целиноград аудандық «Ұран», «Призыв» газеттерінде тілші болып бастаған. Kazinform ақпарат агенттігінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді.