АЛМАТЫ. KAZINFORM – ТЖМ қарасты Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының станциялар желісі 9 наурыз күні Алматы уақыты бойынша 17:35 минутта жер сілкінісін тіркеді.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 276 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.8, магнитудасы – 4.8. Жер сілкінісі 5 шақырым тереңдікте болған.
MSK-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы деректер: Қазақстан аумағында сезілген жоқ.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.