Алматыдан 300 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда жер сілкінді, деп хабарлайды Kazinform.
2025 жылғы 4 маусымда таңертең Астана уақытымен сағат 08:06-да ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Оқиға Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 300 шақырым жерде болды.
Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің бағыты 44,421° с.е. және 80,237° ш.б. жатыр.
Жер сілкінісінің болжамды қарқыны төмен болып шықты – тұрғындар жер сілкінісін сезген жоқ. Қираған ғимараттар мен қаза тапқандар жоқ.
Бұған дейін Ұлттық сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы Алматы және Өскемен қалаларына шағын сейсмикалық аудандастыру карталары жасағанын жазған болатынбыз.