Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 31 қазан күні Алматы уақытымен сағат 00:12 кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Kazinform.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 575 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.7. Магнитудасы MPV - 4.5. Эпицентр координаттары - 41.14° с.е. 83.28°°ш.б. Тереңдігі – 10 шақырым. Қазақстан аумағында сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ» делінген хабарламада.
Мұның алдында Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінген еді.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.