Алматыдан 77 км қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

Фото: pexels.com

АСТАНА. KAZINFORM – Геофизикалық зерттеулер институтының хабарлауынша, жерасты дүмпулері 11 қаңтар күні сағат 16:15-те сезілді, деп хабарлайды Kazinform.

ҚР ҰЭО Геофизикалық зерттеулер институты мәліметтер орталығының шұғыл деректері бойынша, 2025 жылдың 11 қаңтарында Астана уақытымен сағат 16:15-те (Гринвич бойынша 11.15) Алматыдан солтүстік шығысқа қарай шамамен 77 км қашықтықта жер сілкінді, -делінген хабарламада.

Эпицентрінің бағыты 43,59 солтүстік ендікте, 7780 шрадус шығыс бойлықта жатыр. Магнитудасы mb=3.8. Энергетикалық класы K=8.8.

Айта кетейік, бүгін түнде Қырғыз-Қытай шекарасында түнде жер сілкінісі тіркелді.