Қырғыз-Қытай шекарасында түнде жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM – 10 қаңтар күні сағат 23:48-де Қырғыз-Қытай шекарасына жақын жерде эпицентрінде магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Kazinform Кабар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алматыда 6 балдан жоғары жер сілкінісінің ықтимал қаупін бағалайтын арнайы ақпараттық жүйе әзірленеді
Фото: pexels.com

Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, зілзала ошағы Қытай аумағында, Бедел ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 53 шақырым, Ақ-Шыйрақ ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 57 шақырым, Құмтөр кенішінен оңтүстік-шығысқа қарай 95 шақырым, Қаракөл қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 130 шақырым жерде жатыр.

Қырғыз Республикасының елді мекендерінде жер сілкінісінің күші Бедел ауылында 3 балл шамасында болды.

Осыған дейін 8 қаңтар күні Қытайдың солтүстік батысындағы Цинхай провинциясында 5,5 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлаған едік.

 

Соңғы жаңалықтар