Қытайда тағы бір жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА.KAZINFORM - Сәрсенбі күні Қытайдың солтүстік батысындағы Цинхай провинциясында 5,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Синьхуа.

Еще одно землетрясение зафиксировали в Китае
Фото: Baidu

Цинхайдағы жер сілкінісі 8 қаңтар күні Бейжің уақытымен 15:44-те болды. Жерасты дүмпулері Цинхай провинциясының Гуоло-Тибет автономиялық префектурасының Мадуо округінде тіркелді.

Қытайдың сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 34,79 градус солтүстік ендікте, 97,51 градус шығыс бойлықта жатыр. Гипоцентр 14 км тереңдікте жатқан.

Цинхай - Қытайдың солтүстік-батысындағы халқы аз провинция. Жер сілкінісі болған Мадуо округінің орташа биіктігі теңіз деңгейінен 4 мың метрден асады.

Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Айта кетейік, 7 қаңтарда Сизан автономиялық ауданы Шигадзе қаласында болған жер сілкінісі салдарынан 126 адам қаза тауып, 180-нен астамы жарақат алған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар