«13 қарашада нөсер жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Кей кезде қалың туман түседі. Осыған байланысты қала қонақтары мен тұрғындарды тауға шықпауға шақырамыз», - деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Сондай-ақ 112 қызметінің SMS-хабарламалары мен БАҚ-тағы ақпаратқа салғырт қарамауға кеңес берілді.
Осыған дейін Алматы әкімдігі тұрғындарға үндеу жасаған болатын.
Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген режимге көшті. 490 арнайы техника мен 1 200 жұмысшы жұмылдырылды. Аудандық әкімдіктерде жұмыс барысын қадағалау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.