Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, көшеттер көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын және басқа да қоғамдық аумақтарды көгалдандыруға арналған. Акцияға қатысушылар егілген ағаштарға үш жыл бойы күтім жасау міндеттемесін алуға тиіс.
Өтінім 2026 жылы 2-15 қараша аралығында zhasyl.aula2026@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады. Акцияға қатысу үшін өтінімде аты-жөнін, байланыс деректерін, ағаш егілетін жердің нақты мекенжайын және қажетті көшеттер санын көрсету қажет. Сондай-ақ мамандар отырғызу орнын бағалай алуы үшін таңдалған аумақтың бірнеше фотосуретін, мүмкіндігінше панорамалық түсірілімдерін қоса тіркеу керек. Фотосуреті жоқ өтінім қаралмайды.
— Көшеттерді тарату 21-22 қараша күндері Тәжібаев көшесі, 155а мекенжайында жоспарланған. Ағаштарды отырғызғаннан кейін қатысушылар егілген көшеттер туралы фотоесеп жолдауы қажет. Акция жеке тұрғын үй құрылысы аумақтарындағы үйлердің тұрғындарына, сондай-ақ заңды тұлғаларға арналмаған, — деп хабарлады басқармадан.
Еске салайық, Қазақстан сәндік көшет өндірісін дамытып, импортқа тәуелділікті азайтпақ.