Алматы әкімдігінің мәліметінше, 21 және 22 тамыз күндері сағат 23:00–ден 06:00–ге дейін инженерлік желілерді қайта құру жұмыстарына байланысты Наурызбай батыр көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы толығымен жабылады.
— Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Тұрғындардан бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, Алматыда Мұратбаев және Жандосов көшелері бірнеше күнге жабылды.