Алматыда Мұратбаев және Жандосов көшелері бірнеше күнге жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектеледі.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, Жандосов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
19 тамыз сағат 23:00-ден 23 тамыз сағат 23:00-ге дейін қала шекарасынан Дәулеткерей көшесіне дейінгі учаскеде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Жол жартылай жабылады.
Одан бөлек Мұратбаев көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. 20 тамыз сағат 08:00-ден 26 тамыз сағат 08:00-ге дейін Райымбек батыр даңғылынан Мақатаев көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы жабылады.
- Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері және мердігер ұйым басшысының байланыс дерегі көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады. Бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, Алматыда қыркүйекте 3 көшенің ұзартылған учаскелері ашылады.