Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезінді

Фото: Анадолы

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда тағы да жер сілкінді.

— Сейсмологтардың болжамы бойынша, жерасты дүмпуі Қырғызстан аумағында тіркелді,— деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Еске салайық, ҚР ТЖМ «СБЗҰГО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 10 мамыр күні Астана уақытымен 20 сағат 35 минутта жер сілкінісін тіркеген болатын. 

Кейін «Қазселденқорғау» жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы мәлімет түспегенін мәлімдеген еді. 

Бүгін Алматыдан 234 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелгені туралы жаздық.

Жер сілкінісінің магнитудасы MPV шкаласы бойынша 4,8-ге жетті, ал энергетикалық класы 10,4 болды.