Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ – «Қазселденқорғау» жер сілкінісі туралы

АСТАНА. KAZINFORM – ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді.

Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform

Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.

— Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді. Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты, — делінген хабарламада.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ғимараттардың қирауына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізіп  жатқаны туралы жазған едік.

Еске салсақ Алматы маңында жер сілкінген еді

Соңғы жаңалықтар
Референдум