АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қалалықТөтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев қала тұрғындары мен қонақтарына жер сілкінісі туралы неліктен SMS хабарлама келмегенін айтты.
Департамент басшысының сөзінше, тәжірибе көрсеткендей, SMS хабарламаларды жедел жібергенде, бұл деректер қала тұрғындарына кеш жетеді. Бұл халық тығыздығымен байланысты.
«Ұялы байланыс операторларының ақпаратты өңдеуге уақыты жоқ, сәйкесінше жедел ақпарат кеш келеді», - дейді Нұрлан Атығаев.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.