Алматының ботаникалық бағы 1 сәуірден бастап жаңа жұмыс кестесіне ауысады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының ботаникалық бағы жазғы жұмыс кестесіне ауысады.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Бұл туралы бақтың баспасөз қызметі әлеуметтік желіде хабарлады. Енді мекеме қала тұрғындары мен қонақтарын таңғы сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін қабылдайды.

- 1 сәуірден бастап ботаникалық бақ жазғы кестесiне көшеді. Біз күн сайын 09:00-ден 20:00-ге дейін ашық боламыз. Касса жұмысындағы техникалық үзіліс сағат 15:00–15.30 аралығында болады. Айдың бірінші дүйсенбісі - санитарлық күн. Санитарлық күн техникалық себептер бойынша немесе айдың бірінші дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келсе, кейінге қалдырылуы мүмкін, - делінген мәлімдемеде.

Еске салайық, былтыр 15 қазан күні Алматының бас ботаникалық бағы қысқы жұмыс кестесіне ауысып, келушілерді сағат 10:00–ден 18:00–ге дейін қабылдады.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ботаникалық бақтың кіру билеттерінің бағасы өсті.

Биыл ақпан айында Алматының ботаникалық бағында бәйшешектер гүлдегенін жазғанбыз.