Алматының ботаникалық бағы уақытша жабылады
11:42, 02 Мамыр 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Ботаникалық бақ 5 мамыр күні жабылады.
Ботаникалық бақтың баспасөз қызметі аумақ жоспарлы түрде санитарлық тазартудан өтетінін хабарлады.
– Басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады. Ботаникалық бақ күн сайын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00-15:30. Санитарлық күн техникалық себептер бойынша немесе айдың бірінші дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келсе, кейінге қалдырылуы мүмкін, - деп хабарлады бақтан.
Еске салайық, бұған дейін дауыл салдарынан Алматы ботаникалық бағы бірнеше күнге жабылған болатын.
Сондай-ақ сәуір айының басында Алматының ботаникалық бағы жазғы уақыт кестесіне ауысқанын жазғанбыз.