Алматының ботаникалық бағы уақытша жабылады

Фото: Александр Павский/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының бас ботаникалық бағы санитарлық жұмыстарға байланысты бір күнге жабылады.

2 ақпан күні бас ботаникалық бақ қала тұрғындары мен қонақтарын қабылдамайды. Одан кейінгі күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады.

- Ботаникалық бақ күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00-15:30. Санитарлық күн әр айдың бірінші дүйсенбісі белгіленген, - деп хабарлады бақтан.

Еске салайық, жыл басында Алматының ботаникалық бағына кіру билеттерінің бағасы өсті. Қазір билет бағасы: ересектер үшін — 932,14 теңге, зейнеткерлер мен оқушылар үшін — 466,07 теңге, ал студенттер үшін — 745,71 теңге.