Алматының Ботаникалық бағында аққудың мойнынан тартқан адам іздестіріліп жатыр

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Ботаникалық бағында ер адам аққуға қатыгездік көрсеткен. 

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. 

Алматы қаласының полиция департаменті ер адамның іс-әрекетіне құқықтық баға берілетінін хабарлады.

– Алматы қаласының Ботаникалық бағында құсқа қатыгездік жасау фактісі бойынша тексеру басталды. Оның іс-әрекетіне құқықтық бағалау беріледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады. Басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, - деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, 2022 жылы 2 наурыздан бастап «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң күшіне енді. Заң жануарларды қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ізгілікті нығайту және жануарларды асырау кезінде қоғамның адамгершілік қағидаттарын сақтау мақсатында қабылданды.