Кәсіпорын мәліметінше, азот диоксидінің концентрациясы 0,2 мг/м³ норма кезінде 4,410 мг/м³, бензол – 0,3 мг/м³ орнына 5,749 мг/м³, ал қалқыма бөлшектер (шаң) 0,5 мг/м³ норманың орнына 36,949 мг/м³ болған.
– Ауа сапасына қатысты тексеру Наурызбай ауданы тұрғындарының ауаның нашарлауы, өткір иістер және өмір сүру жағдайына кері әсері туралы шағымынан кейін жүргізілді. Тұрғындармен кездесу 13 мамыр күні «Eco Almaty» ЖШС, экология департаменті, Наурызбай ауданы әкімдігі және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерінің қатысуымен өтті, - делінген хабарламада.
Зерттеу барысында мамандар көміртек тотығы (CO), азот диоксиді (NO₂), күкірт диоксиді (SO₂), күйе, қорғасын, қалқыма бөлшектер, формальдегид, күкіртсутек, бензол және көмірсутектердің құрамын анықтады.
Жиналған материалдар қолданыстағы заңнама аясында қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданды.
Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» РМК 14 мамырда Астана мен Алматыда және орталық өңірдегі қалаларда ауа сапасы нашарлайтынын болжаған еді.