Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, оқу жаттығу сағат 08:00–ден 13:00–ге дейін болады. Оның барысында адамдар көп шоғырланатын нысандардағы түрлі ықтимал жағдайларға жедел әрекет ету мәселелері пысықталады.
— Осыған байланысты азаматтардан қауіпсіздік шараларын сақтауды, сондай-ақ іс-шараға тартылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеулеріңізді өтінеміз, — деп хабарлады департаменттен.
Тәртіп сақшылары қала тұрғындарын аталған іс-шараға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырды.
— Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз, — делінген Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабының мәлімдемесінде.
Еске салайық, Алматыда түнде төбелес шығарған бір топ азамат ұсталды.