Sergek ITS сарапшылары мегаполистегі көлік қозғалысы ең тығыз көше қиылыстарына зерттеу жүргізген. Олар жол қиылысында жиналатын көлік саны мен кезек ұзындығына, кептелістің орташа ұзақтығы мен жолдағы орташа жылдамдық деңгейіне, сондай-ақ кептелістің күнделікті қайталану жиілігіне мән берген.
Зерттеу нәтижесінде Алматыда кептеліс жиі болатын көше қиылыстары белгілі болды. Бір ерекшелігі - тізімге енген 15 қиылыстың жетеуі Абай даңғылында орналасқан:
- Абай даңғылы – Розыбакиев көшесі;
- Абай даңғылы – Назарбаев даңғылы;
- Төле би көшесі – Розыбакиев көшесі;
- Абай даңғылы – Сейфуллин даңғылы;
- Абай даңғылы – Байтұрсынов көшесі;
- Сейфуллин даңғылы – Сәтбаев көшесі;
- Төле би көшесі – Назарбаев даңғылы;
- Райымбек даңғылы – Сейфуллин даңғылы;
- Абай даңғылы – Желтоқсан көшесі;
- Сәтбаев көшесі – Әуезов көшесі;
- Сәтбаев көшесі – Розыбакиев көшесі;
- Райымбек даңғылы – Назарбаев даңғылы;
- Төле би көшесі – Әуезов көшесі;
- Абай даңғылы – Брусиловский көшесі;
- Абай даңғылы – Әуезов көшесі.
Еске салайық, бұған дейін мегаполисте велоинфрақұрылым қалай дамыту жоспарланып отырғанын жазғанбыз.