Алматының LED-экрандары мен Көктөбе телемұнарасында көк туымыз жарқырап тұр
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік безендірулер ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай қаланың LED-экрандары мен әйгілі Көктөбе телемұнарасында еліміздің көк туы жарқырап тұр.
- Барша алматылықтарды мерекемен құттықтаймыз. Сіздерге бақыт пен өркендеу тілейміз. Тәуелсіздік күні құтты болсын, Қазақстан! - деп хабарлады Алматы әкімдігінен.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтетінін жазғанбыз.
16 желтоқсан Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне, 17 желтоқсан күні «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне гүл шоқтары қойылады. Сондай-ақ, мерекелік іс-шаралар қаланың барлық ауданында өтеді.
Бұған дейін Тәуелсіздік күніне орай Алматыда отшашу болмайтынын жазған едік.