Аталған қиылыс бойынша қозғалыс екі жаққа қарай тоқтайды. Уақытша шектеулер құбырларды ауыстырғаннан кейін жолдың асфальт-бетонын қалпына келтіру үшін енгізіледі. Жаңғыртылған құбыржол 5 көппәтерлі тұрғын үйді және тағы 4 объектіні жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.
- Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз, - деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.
Еске салайық, бұған дейін Алматының кейбір көшелері қазан айының басына дейін жабылатынын жазғанбыз.
Сондай-ақ Алматы әуежайының екінші қабатына автокөліктердің кіруіне уақытша тыйым салынды.