Алматының орталығындағы қою түтін: қай жерден өрт шықты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының Бостандық ауданында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Қазір өрт сөндірушілер жалынды сөндіріп жатыр.

Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде қаладағы түтіннің фото және видеолары жарияланды. Желі қолданушыларының айтуынша, түтін Әл-Фараби мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында байқалған.

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қала гарнизонының күштері Қаратаев көшесіндегі өртті сөндіріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жеке тұрғын үйден өрт шыққан.

Өрт шыққан аумақ, зардап шеккендер мен оқиғаның себептері туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

Еске салайық, Алматыда екі қабатты кафеден өрт шыққан еді.