Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл жағдай электр желілерін 6 кВ-тан 10 кВ-қа ауыстыру жұмыстары кезінде болған. Аталған жобаны «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның тапсырысы бойынша «SARYARQA-MS» ЖШС атқарып жатыр. Жоба аясында ПС-6А және ПС-3А қосалқы станцияларындағы желілерді жаңғырту көзделген.
— Тимирязев пен Манас көшелерінің қиылысында жүріп жатқан жер қазу жұмыстары кезінде жасыл желектерді автоматты түрде суаратын құбыр зақымданып, салдарынан су сыртқа шықты. Ақау анықталған бойда мердігер ұйым оны ретке келтіріп, автосуару жүйесін қайта қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдады, — деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда түнгі уақытта атыс даусы естілді. Қалалық полиция департаменті бұл дерекке түсініктеме берді.