Алматы әкімдігінің мәліметінше, жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесі (жеке тұлға) нысанды тиісті рұқсат құжатсыз салғаны анықталған. Кейін меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, заңбұзушылықты жою туралы нұсқама берілген.
— 2024 жылы 23 қыркүйекте басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нысанды бұзу жөнінде талап-арыз түсірді. Сот талапты қанағаттандырды. 2025 жылы 20 сәуірде Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды, — деп хабарлады әкімдіктен.
Сот шешімін орындау мақсатында нысан иесі ғимаратты өзі бұза бастады.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда ірі құрылыс нысаны бұзылып жатқанын жазғанбыз.