Апат Қаскелең мен Жамбыл кенті арасында орын алды.
«4 тамызда шамамен сағат 23.00 Mitsubishi Galant және Toyota Corolla көліктері Алматы-Астана трассасының 32-ші шақырымында соқтығысты. Апат салдарынан Mitsubishi Galant жүргізушісі және оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар Toyota жүргізушісі мен екі жолаушысы ажал құшты. 1995 жылы туған Toyota Corolla жолаушыларының бірі Қаскелең ауруханасына жеткізілді. Қазір аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, сараптама тағайындалды. Әрі қарай процессуалдық шешім қабылданып, жүргізушілердің бірінің кінәсы анықталды», - деп хабарлады облыстық ІІД.